Accessibility links

Қытай бала саудасымен айналысқан екі адамды жазаға тартты


Қытай балаларды ұрлап, саудаға салған екі адамның сот өлім жазасы үкімін орындады. Мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, олар 15 жастан төмен балаларды саудалағаны үшін жазаға тартылған.

Олардың үкімі Хэнань провинциясына жақын жерде орындалған.

Қытай үкіметі балалар саудасына қарсы науқан ретінде екі оқиғаны қоғамға жариялап отыр. Полиция осы жылдың алты айында 2 мыңнан аса баланы адам саудасын жасаушылардан құтқарып қалған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG