Accessibility links

Қандағар провинциясының басшысы қастандық шабуылынан аман қалды


Ауғанстанның тұрақсыз аймағы Қандағар провинциясының басшысы қастандық шабуылынан аман шықты.

Турялай Веса құрбан айт мерекесіне орай мешітке бара жатқанда, оның көлігі жол бойына қойылған бомбаға түскен.

Оның ресми өкілінің хабарлауынша, жарылғыш заттан көліктің терезелері шағылып, бірақ ол жараланбай шыққан.

Жарылыстан бір полиция қызметкері жарақат алды.

Ауғанстанның оңтүстігінде талибан бүлікшілерінің шабуылы толастамай тұр.
XS
SM
MD
LG