Accessibility links

Қазақстандық ауыр атлет әлемдік сайыста үшінші алтынды жеңіп алды


Оңтүстік Кореяның Гоянг қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінде қазақстандық штангист Владимир Седов алтын медалды жеңіп алды.

Жұма күні 94 келі салмағында сынға түскен Седов жалпы салмағы 402 келі штанганы көтеріп, әзірбайжандық әріптесі күміс медаль жүлдегері Низам Пашаевтан 15 келіге озды. Ал қола жүлдені оңтүстік кореялық Ким Мин Чжае иеленді.

Осылайша ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Қазақстан әзірге 3 алтын, бір қола жүлдені алып отыр. Қазақстан жүлде алу жағынан 7 алтын медаль алған Қытайдан кейін екінші орында тұр.
XS
SM
MD
LG