Accessibility links

Әуе соққысына қатысты Германия министрі де қызметінен кетті


Германияның еңбек министрі Франц Иозеф Иунг өзі қорғаныс министрі болып тұрған кезде Ауғанстанда ондаған бейбіт тұрғынның өліміне әкелген әуешабуылдары болғанына қатысты қызметінен кетті.

Оның алдында Ауғанстанда қызмет еткен армия офицері қызметінен алынды. Ол герман күштерінің қолбасшысы болған Волфанг Шнайдерхан қыркүйектің 4-де Ауғанстанның Құндыз провинциясының солтүстігінде талибандар қолына түскен екі жүк көлігіне қарсы әуешабуылдарын беруді сұрап, НАТО-ға қайрылған.

Ауған ресмилері ол әуешабуылдарынан 100-ден аса адам қаза тапса, оның кемінде 30-ы бейбіт тұрғын болған деді.
XS
SM
MD
LG