Accessibility links

Путин: Франция Ресейдің газқұбырын қолдады


Ресей премьер-министрі Владимир Путиннің мәлімдеуінше, “Газпром” мен Францияның “Электорсити де Франц” энергетикалық компаниясы оңтүстік ағыс газқұбырын құрылысы бойынша бірлесе жұмыс жасайтын болды.

Путин Парижде Франция жетекшілерімен келіссөздер өткізіп, Ресейдің көлік өнеркәсібі мен энергетикалық жобаларына франциялық инвестиция салуды көздеді.

Оңтүстік ағыс құбыржолы Қара теңіздің табаны арқылы Украинаның айыналып өтіп, Ресейден Италияға және Орталық Еуропаға табиғи газ айдайды.

Бұл ЕуроОдақ пен АҚШ-тың қолдауындағы Набукко құбыржолына қарсы жасалған жоба. Набукко керісінше Ресейді айналып өтіп, Орталық Азия газын Түркия арқылы Еуропаға жеткізеді.

Сонымен қатар франциялық көлік шығарушы Рено компаниясы Ресейдің қаржы тапшылығына тап болған Автоваз кәсіпорнын қайта құру үшін көмектесуге қаржылай қолдау танытады. Бірақ Рено компаниясы Автоваздағы 25 пайыздық акциясын ұлғайтпайтынын айтқан.
XS
SM
MD
LG