Accessibility links

Иран Нобель комитетінің сынын қабылдамады


Бүгін Иранның Сыртқы істер министрлігі Норвегияның адам құқын қорғаушы Ширин Ебадиден Нобель сыйлығын тәркілеп алды деп Иранды сынауға құқы жоқ деді.

Бейсенбі күні Ебади өзінің Нобель сыйлығына алған алтын медалі мен дипломын үш апта бұрын Иран билігі тәркілеп алып, 1,3 млн доллар салық төлеуі тиіс дегенін айтқан.

Нобель комитетінің айтуынша, Нобель сыйлығының 108 жылдық тарихында алтын медалді тартып алу жағдайы бірінші рет орын алғанын айтып, өздерін таң қалдырғанын айтты.

Норвегияның Сыртқы істер министрлігі бұл оқиғаға байланысты Иран елшісіне наразылық нотасын жолдады.

Бірақ Иран сыртқы істер министрлігі елдің салық заңын орындатуға Норвегияның араласуға құқы жоқ деді
XS
SM
MD
LG