Accessibility links

«Невский экспресс» пойызы апатынан құрбан болғандар саны 30-ға жетті


Ресейдің бас прокуратурасы апатқа ұшыраған «Невскйи экспресс» пойызының 30 жолаушысы қаза тапқанын хабарлап отыр. Сонымен қатар тағы 60 адам ауруханаға жеткізілген.

Осыған дейінгі хабарларда апаттан 100-ден аса жолаушы құрбан болды деп айтылған.

Пойыздың жолдан шығып кетуі фактісі бойынша терроризмге қатысты бап бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ресейдің теміржол басшылары апатқа қасақана қойылған жарылыс себеп болуы мүмкін деген.

Үкімет басшысы Владимир Путиннің қаулысымен арнайы комиссия құрылып, апаттың салдарын жоюмен айналысады.

Жұма күні Новгород пен Тверск облысында жолдан шығып, апатқа ұшыраған пойыздың ішінде Ресейдің мемлекеттік сақталым қорлары агенттігінің жетекшісі Борис Евстратиков те болған. Оның тағдыры туралы әзірге мәлімет жоқ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG