Accessibility links

Пан Ги Мун әлем жетекшілерін ғаламдық жылыну мәселесінде келісімге шақырды


БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун Копенгагенде өтетін ғаламдық жылыну саммиті қарсаңында, әлем жетекшілерін климаттың өзгеруіне әкелген ғаламдық жылыну проблемаларымен күрестегі негізгі шараларда бір мәмілеге келуге шақырды.

Британ достастығының елдері саммитінде сөйлеген Пан Ги Мун Копенгагендегі кездесудің мақсаты 2010 жылғы климат мәселелеріне заңды міндетемелер жүктейтін келісімнің негізін қалау болып отыр деді.

Осының алдында Британия премьер-министрі Гордон Браун мен Франция президенті Николя Саркози ғаламдық жылынумен күресетін дамушы елдерге қолдау білдіретін арнайы қор құруды ұсынған.
XS
SM
MD
LG