Accessibility links

ТМД-ның парламентаралық ассамблеясы Санкт-Петербургте өтеді


Желтоқсанның 1-і мен 3-і аралығында Санкт-Петербург қаласында ТМД елдерінің парламентаралық жиындары өтеді деп ҚазТАГ агентігі хабарлады.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров бұл жиынға қазақстандық делегацияны мәжіліс спикері Орал Мұхамеджанов бастап баратынын айтқан.

Үш күнге созылатын кездесулер барысында Еуразиялық экономикалық қауымдыстық пен Ұжымдық қауіпсіздік келісім шарты ұйымына мүше елдердің парламентарилері әлеуметтік-экономикалық саясаттары мен құқықтық негіздерді талқылайды.

Және де Еуразиялық экономикалық қауымдастық елдері аясында жалпы ортақ энергетикалық нарық құру тақырыбында парламентаралық тыңдау өтеді.

Желтоқсанның 3-де ҰҚКШҰ-ның үшінші жалпы отырысы мен ТМД елдерінің парламентаралық ассамблеясының 33-шы отырысы өтеді.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG