Accessibility links

Ядролық қауіпсіздік саммитіне дайындық алдағы аптада Токиода талқыланады


Желтоқсанның 2-і күні Жапония астанасында ядролық қауіпсіздік бойынша саммитке дайындықты үйлестірушілердің екікүндік жиыны өтеді деп ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

Бұл жиынға Қазақстан тарапынан ұлттық үйлестіруші болып, Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Омаров қатысады.

Жиынға қатысушылар 2010 жылдың көктемінде Вашингтонда өтетін саммитке дайындық жасалып, қауіпсіздіктің ғаламдық көріністері мен оған жетекшілік ететін негіздер, заңсыз қару-жарақ пен ядролық қаруларды таратуға қарсы шаралар талқыланады деп хабарлады Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің баспасөз өкілі.
XS
SM
MD
LG