Accessibility links

Иранның діни өкілі МАГАТЭ-нің қарарын сынады


Бүгін Иранның жоғары діни өкілі ешкім де Иранды қауіп-қатермен үркітіп, ядролық технолгиялар құқын тастата алмайды деді.

Елдегі ықпалды деген сарапшылар ассамблеясының мүшесі Ахмед Хатами жұма күні Иранды сынап МАГАТЭ қабылдаған қарарға жауап болып отыр.

БҰҰ-ның атом энергиясы жөніндегі агенттігі 4 жылда бірінші рет Иранға қарсы қарар қабылдады.

Ақ үй Иранның ядролық бағдарламасына қатысты АҚШ пен халықаралық елдердің шыдамы шектеулі болды және уақыты келді деді.
XS
SM
MD
LG