Accessibility links

Британия Ауғанстан конференциясын өткізеді


Қаңтардың 28-де Лондонда Ауғанстан мәселесіне арналған конференция өтеді.

Бұл туралы сенбі күні Британия премьер-министрі Гордон Браун Тринидад және Тобагода өтіп жатқан Достастық елдері саммиті аясында мәлімдеді.

Конференция Ауғанстандағы қауіпсіздік мәселесін ауғандықтар мен ел үкіметіне тапсыруды талқыға салып, ақырында Ауғанстандағы шетелдік күштерді азайтуға бағытталады.

БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун Браунмен қатар сөз алғанда, Лондон қауіпсіздік конференциясы Ауғанстан астанасындағы екінші кездесуден кейін болады деген.
XS
SM
MD
LG