Accessibility links

ФСБ: Ресейдегі пойыз апаты бомбадан болған


Ресей билігі ондаған адамның өмірін қиған жолаушылар пойызының апаты бомба жарылысынан болған деді.

Федералды қауіпсіздік қызметінің басшысы Ресей президенті Дмитрий Медведевке баяндағанында, 7 келі салмақтағы бомба пойызды рельстен шығарып жіберген деп мәлімдеді.

Тергеушілер апат болған жерден жарылғыш заттар тапқанын хабарлады.

Ресмилердің айтуынша, Мәскеуден Санкт-Петерборға бара жатқан пойыз апатқа ұшырағанда, кемінде 25 адам қаза тауып, 100 шақты кісі жарақат алды. Пойызға бомба қойған, шешен бүлікшілерімен қатысы бар деп күдіктелген екі адам айыпталып отыр.

2007 жылы да дәл осындай бомба жарылысынан жолаушылар пойыз жолдан шығып кетіп, 30 адам жараланған болатын.
XS
SM
MD
LG