Accessibility links

Иран МАГАТЭ-мен ынтымақтастығын шектеуі мүмкін


Иран өзінің БҰҰ-ның атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігімен ынтымақтастығын айтарлықтай шектеуі мүмкін екендігін ескертті.

Парламент спикері Али Ларижанидің айтуынша, егер МАГАТЭ батыстық жетекшілердің кеңесімен Теһранға қысым жасай беретін болса, онда Иранның бұл агенттікпен ынтымақтастығы төмендейді.

Жексенбі күні Иран парламенті МАГАТЭ-нің жұма күні Теһран Қом қаласы маңындағы уран байытатын жаңа зауытын жапсын деген қарарына жауап беру мәселесін талқылайды.

Сенбі күні Иранның МАГАТЭ-дегі өкілі Әл Асар Солтани Теһран ешқандай қауіп-қатерге қарамастан, жұмыстарын жалғастыра береді деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG