Accessibility links

Британиялық Достастық дамушы елдерге көмек қорын құрмақшы


Тринида мен Тобагода саммиті өткен Британ Достастығына мүше елдердің жетекшілері климаттың өзгеруіне қарсы күрес үшін дамушы елдерге көмек беретін қор құруға келісті.

Ұлыбритания мен Франция ұсынған бастама бойынша, 2012 жылға дейін бұл қордың жалпы қаржылық көлемі 10 млд доллар болуы керек.

Британия премьер-министрі Гордон Браун атап өткендей, бұл қаражат ауаға зиян газдарды шығаруды тоқтататын технологияларды сатып алуға қажет. Және де дамушы елдерге ғаламдық жылынудың салдарларын жоюға керек болады.

Саммитке қатысушылар алдағы желтоқсан айында өтетін Копенгаген конференциясы нәтижелі болады деген сенімдерін білдірді.

Копенгагенде БҰҰ-ның ғаламдық жылынуға қарсы жиыны өтеді, оған 80-нен аса елдің жетекшілері қатысады деп күтіліп отыр.
XS
SM
MD
LG