Accessibility links

Қытай премьері Еуро аймақ жетекшілерімен кездесті


Қытай премьер-министрі Уен Жиабао Еуропа Одағының қаржы ресмилерімен кездесіп, юань валютасының айырбас көрсеткішіне қатысты ұзақтан бері қалыптасқан кері қарым-қатынас туралы келіссөздер өткізді.

Еуропалық топқа жетекшілік еткен Жан Клауд Юнкер Қытайды қатты көтерілген ұлттық валютасын қайта бағалауға шақырды.

Ал Еуропалық орталық банк басшысы Жан Клауд Тришенің айтуынша, олар юаньді қайта бағалаған дұрыс деп Уен Жиабаоны көбірек ыңғайлы қадамдар жасауға шақырған.

Еуропа мен Құрама Штаттар Бейжіңді өз тауарларының экспортына тиімді болу үшін ұлттық валютасын қолдан төмен деңгейде ұстап отыр деп айыптаған.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

XS
SM
MD
LG