Accessibility links

Британия премьерінің мақсаты Ауғанстан жасағын жетілдіру


Британия премьер-министрі Гордон Браун Ауғанстан президенті Хамид Карзай елдегі қауіпсіздік күштерін жаттығудан өткізу мен сыбайлас жемқорлықпен күресті басты нысанаға алуы керек деді.

Ол мұны Ауғанстан мәселесіне арналған конференция қаңтардың 28-де Лондонда өтеді деп хабарлаған кезде айтты.

Сенбі күні Тринидад және Тобагода өтіп жатқан Достастық елдері саммиті аясында Британия премьер-министрі Ауғанстандағы қауіпсіздік мәселесін ауғандықтар мен ел үкіметіне тапсыруды талқыға салатын конференция ақырында бұл елдегі шетелдік күштерді азайтуға бағытталады деп мәлімдеді.

Браунмен қатар сөз алған БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун, Лондон қауіпсіздік конференциясы Ауғанстан астанасындағы екінші кездесуден кейін болады деген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG