Accessibility links

Қытай юань құнын бірқалыпты деңгейде ұстамақ


Қытай премьер-министрі Уен Жибао Бейжің ұлттық валютаның құнын тұрақты әрі бірқалыпты деңгейде ұстайды деп мәлімдеді. Бұл туралы ол Еуропа Одағының жетекшілерімен өткізген саммитінен кейін мәлімдеді. ЕуроОдақ Қытайды АҚШ долларының құлдырауына байланысты юань құнының өзгеруін бақылауда тезірек әрекет етуге шақырды.

Уен өзгерістердің болуына қатысты талаптарды "әділетсіз" деп атап, Қытай саясатын сынаушыларды дамып жатқан елдерге сауда протекционизмін жүзеге асыруда деп айыптады.
XS
SM
MD
LG