Accessibility links

Алматыда «Қуат» корпорациясының жұмысшылары наразылық танытты


Жүзден астам «Қуат» құрылыс корпорациясының жұмысшылары 30 қарашада Алматы қалалық прокуратурасының алдына шығып, аталған корпорация басшылығының жауапқа тартылуын талап етті. «Олар жұмысшылардың еңбекақысының төленбеуіне байланысты қылмыстық істің қозғалуын талап етіп отыр» деп хабарлады Азаттық радиосына жұмысшылардың мүддесін қорғап жүрген заңгер Дәулет Жұмабеков.

Оның сөзіне қарағанда, «Қуат» корпорациясының жұмысшылардың еңбекақысын төлемегеніне бір жылдан асқан. «Егер прокуратура жұмысшылардың талабына салғырт қараса, олар жаппай наразылық акциясын ұйымдастырмақшы» деді ол. Сондай-ақ Дәулет Жұмабеков бұл жолғы наразылық шарасының бейбіт өткенін хабарлады.
XS
SM
MD
LG