Accessibility links

ҰҚК-нің Алматы бөлімінің басшысы қызметінен уақытша шеттетілді


Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы департаментінің басшысы генерал-майор Нұржан Мырзалиев пен оның екі орынбасары уақытша қызметтерінен шеттетілді деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз хатшысы Кенжеболат Бекназаровтың мәлімдеуінше, комитеттің орталық аппараты Алматыдағы бөлімінде тексеру жүргізуде. Осыған байланысты Мырзалиев пен оның екі орынбасары - полковник Асқар Ашимов және подполковник Серік Асаинов тексеру аяқталғанға дейін уақытша қызметтерінен алынды деген Бекназаров. Оның айтуынша, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы департаментінің басшысы міндетін комитет төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков уақытша атқаратын болады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG