Accessibility links

Караджич: Халықаралық соттың заңды күші жоқ


Босниялық сербтердің бұрынғы жетекшісі Радован Караджич бұрынғы Югославия бойынша Гаагадағы халықаралық трибуналдың менің ісіме қатысты сот жүргізуіне заңды күші жоқ деп мәлімдеді. Караджичтің айтуынша, 1993 жылы трибуналдың негізін қалаған БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі құзырын асыра пайдаланған.

Өткен айда өзіне қарсы басталған сотқа Караджич бойкот жариялады. Оған 1992-1995 жылдары Босния қақтығысында соғыс қылмыстары мен геноцид жасады деген айыптар тағылып отыр. Караджичке қатысты сот келесі жылдың наурыз айына қалдырылды.
XS
SM
MD
LG