Accessibility links

Халықаралық ғарыш стансасының экипажы Қазақстанға қонды


Ресейден хабарланғандай, Канада, Бельгия астронавтары мен Ресейдің космонавты халықаралық ғарыш бекетіндегі алты айлық миссиядан кейін аман-есен жерге оралды.

Ресейдің миссияны бақылау мекемесінің өкілі Валерий Лындиннің айтуынша, канадалық Боб Тирск, ресейлік Роман Романенко және бельгиялық Франк де Винне отырған Ресейдің “Союз ТМА-15” ғарыш кемесі Қазақстанның Арқалық қаласы маңына аялдады.

Бұл үштік халықаралық ғарыш стансасына 27-ші мамырда ұшып кеткен.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG