Accessibility links

СПИД дерті Шығыс Еуропа мен Орта Азияда көбейе түскен


Бүгін жыл сайын аталып өтетін әлемдік СПИД-ке қарсы күрес күні адамдарға ВИЧ дерті мен одан қорғану жолдарын көбірек айтуға бағытталды.

Бұл күнге орай БҰҰ-ның СПИД/ВИЧ вирусына қатысты бағдарламасы Шығыс Еуропа елдері мен Орта Азия аймағында қауіпті жұқпалы дерті өсе түскенін ескертіп отыр.

Деректерге сүйенсек, 2008 жылы бұл дертті шамамен 110 мың адам жаңадан жұқтырып, аймақта ВИЧ инфекциясымен тіркелгендер санын 1,5 млн-ға жеткізіп отыр. Бұл 2001 жылмен салыстырғанда 66 пайызға өскен.

Еуропа құрлығындағы эпидемия ең көп таралған ел ретінде Ресей мен Украина аталып отыр. Бұл екі елдің 1,6 пайыз адамы ВИЧ дертіне шалдыққан.
XS
SM
MD
LG