Accessibility links

Иран: әлем елдері уран байыту жоспарына тым қатты мән беруде


Иран өзінің уран байыту жұмыстарын кеңейту жоспарын әлемнің жетекші елдері аса өткір қабылдап жатыр деді.

БҰҰ-ның атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Теһран Қом қаласы маңындағы құпия салынған зауытын жапсын деген қарарынан кейін, Иран тағы 10 уран байыту зауытын салатынын хабарлаған.

МАГАТЭ-нің ол қарарын агенттікке мүше 35 елдің 25-і қолдаған. Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі МАГАТЭ қарарын қолдап дауыс берген Ресей мен Қытайға наразылықтарын білдіретінін айтты.

Бұл екі ел осыған дейін Иранға қарсы санкциялар салуға қарсы болып келген.

Сейсенбі күні Қытай Иранның дяролық бағдарламасы төңірегіндегі мәселені дипломатиялық жолмен шешуге шақырып, Бейжің санкцияларға қарсы ұстанымында қала береді деген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG