Accessibility links

Британия бес азаматын босатып алуға тырысуда


Британия өзінің яхтамен қыдырып жүрген бес азаматын ирандық теңізшілер ұстағаны таза консулдық мәселе деп айтты.

Британияның сыртқы саясат хатшысы Дэвид Милибанд BBC радиосына берген сұхбатында, өткен аптада қамауға алынған бес британдық Бахрейннен Дубайға яхтамен жүзіп шыққанда, байқамастан Иран суына өтіп кеткен деді.

Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі бұл мәселе анықталып, тергелген соң егжей-тегжейлі хабарланады деп айтты.
XS
SM
MD
LG