Accessibility links

Есіргеповтің қоныстану колониясына ауыстыру ұсынысы қабылданбады


«Алма-Ата Инфо» газетінің түрмеге жабылған редакторы Рамазан Есіргеповтың қоныстану колониясына ауыстыру өтініші қабылданбаған. Бұл туралы оның әйелі Раушан Есіргепова хабарлады.

Оның айтуынша, 11 айдай уақыт Тараз түрмесінде отырған Есіргепов осыған дейін өзі де Әділет министрлігіне қайрылған.

Тамыздың 8-де Рамазан Есіргепов ҰҚК-нің құпиясын жариялады және таратты деген айыппен 3 жылға бас бостандығынан айрылған.
XS
SM
MD
LG