Accessibility links

БҰҰ мен ЕО-ның адам құқын қорғаушы топтары Швейцарияның шешімін сынады


БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша басшысы Швейцарияның минареттер құрылысына тыйым салуы шектеуді білдіреді деді.

Нэви Пиллэй сондай-ақ жексенбі күні өткен референдум қоғамда терең қарама-қайшылық ұстаным қалыптастырды деп мәлімдеді.

Жексенбі күні өткен дауыс беруде Швейцария тұрғындарының 57 пайыздан астамы оңшылдар партиясының минареттерге тыйым салу ұсынысын қолдап шықты.

Еуропа Одағының адам құқықтары жөніндегі кеңесі де мешітте азан оқылатын мұналар құрылысына тыйым салу адам құқын қорғау жөніндегі халықаралық келісімдердің барлығына күмән келтіреді деді.

Ислам елдері де Шевйцарияның бұл тыйымын діни төзімділік емес деп сынға алды.

Швейцарияның сыртқы істер министрі жаңа мешіт минареттерінің құрылысына тыйым салу жөніндегі дауыс берушілердің шешімі елдің қауіпсіздігіне қауіп-қатер төндіреді деді.
XS
SM
MD
LG