Accessibility links

Солтүстік Қазақстан облысындағы 50 мектеп жабылмақшы


Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік аймақтың 50-ге тарта орта білім беру мекемесінің қауіпті жағдайда тұрғанын хабарлап отыр. Солтүстік Қазақстан мектептері мен балабақшаларының басым бөлігінен көнерген электросымдар, өрт шығу мүмкіндігі жоғары панелдер сынды т.б. қауіпсіздік талаптарының бұзылғандығын анықтаған.

Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бастығы Әсет Ысмағұловтың айтуынша, 600 ғимарат өрт қауіпсіздігі талаптарына сай емес.

«Бірақ біз олардың барлығын жауып тастай алмаймыз ғой. Алайда, қазір біз бұл мәселемен айналысудамыз, егер өрескел сәйкессіздіктер болса, сотқа шағымданамыз. Бүгінде жергілікті сот мекемесі 50-ге тарта мектепті адам өмірі үшін қауіпті деп тауып, оларды жабу туралы шешім шығарды. Сот шешімі 15 күннен кейін күшіне енеді», - дейді Әсет Ысмағұлов.
XS
SM
MD
LG