Accessibility links

Ресейдегі пойыз шабуылына жауапкершілікті исламшыл топ алған


Солтүстік Кавказдағы ислам жауынгерлері Ресейдегі 26 адамның өмірін қиған бомба жарылысына жауапкершілікті алды.

Шешен көтерілісшілерінің интернет сайтында жарияланған мәлімедеме қатты жылдамдықтағы пойыз апатын исламшыл топтар жасағаны айтылған. Бірақ оны анықтау мүмкін болмай отыр.

KavkazCenter.com сайтында шыққан мәлімдемеге қарағанда, Докку Умаровтың тапсырмасымен операция дайындалды әрі жүзеге асты делінген.

Ресейдің Солтүстік Кавказдағы барлық исламшыл топтарының басын қосып, аймақта исламның шариғат заңдарын орнатпақ болып жүрген Умаров өзін-өзі Кавказ әмірлігі жетекшісімін деп атайды.

Исламшыл топтың мәлімдемесінде бұл операция Ресейдің маңызды деген орындарына қарсы осы жылдың басында жоспарланған стратегиялық әрекеттердің бірі делінген.

Ресей прокурорлары жұма күні 26 адам қаза тауып, 100 шақты кісі жараланған пойыз апатына қатысты терроризм бойынша қылмыстық іс ашқан.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG