Accessibility links

НАТО мен Франция басшылары Обаманың мәлімдемесін қоштады


НАТО бас хатшысы АҚШ президенті Барак Обаманың мәлімдемесінен кейін НАТО-ға мүше елдер Ауғанстанға кемінде 5 мың әскер жібереді деп күтетінін айтты.

Президент Обама өзінің Ауғанстан бойынша жаңа стратегиясын жариялап, онда бұл елге қосымша 30 мың жасақ жөнелтетінін мәлімдеген.

НАТО бас хатшысы Андерс Фогу Расмуссеннің сөзіне қарағанда, қазіргі таңда Ауғанстандағы НАТО қолбасшылығында 43 елдің жасағы бар, олардың санын тағы көбейту мүмкіндігімен альянсқа мүше елдер кемінде 5 мың әскер жіберуді жоспарлап отыр.

Ауғанстандағы шетелдік күштердің саны 110 мыңға жетсе, оның 70 мыңы Құрама Штаттардың жасағы. Оған тағы 30 мың әскерді қосу арқылы барлық халықаралық әскерлер саны 140 мыңға жететін болды.

Франция президенті Николя Саркози де Обаманың көбірек АҚШ күштерін Ауғанстанға жолдау мәлімдемесін оң қабылдайтынын айтты. Бірақ Францияның қосымша әскер жіберу жоспары туралы айтылмады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG