Accessibility links

Иран яхтада ұсталған бес британдықты босатқан


Хабарларға қарағанда, Иран билігі Бахрейннен Дубайға яхтамен қыдырып шыққанда Иран аймағынан ұсталған бес британдықты сәрсенбі күні босатқан.

Иранның мемлекеттік ақпарат құралдары елдегі Төңкерісшіл Сақшылар корпусының мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлаған.

Олардың шығуы сейсенбі күні Британия қорғаныс хатшысы Дэвид Милибанд ирандық әріптесі Манучир Моттакимен телефон арқылы сөйлесіп, қарашаның 25-де байқаусызда Иран суына өтіп кеткен британдықтардың босатылуын сұраған соң болып отыр.
XS
SM
MD
LG