Accessibility links

Хабарларға қарағанда, Мәскеу Иранға қарсы санкцияларға кедергі жасамайды


Рейтерс агенттігі Ресейдің жоғары димпломатына сілтеме жасап хабарлауынша, Мәскеу Иранға қарсы жаңа санкциялар салу бойынша Батыстық елдермен бір мәмілеге келетін болады.

Теһран БҰҰ-ның ескертуін қабылдамастан, өзінің ядролық жұмыстарын кеңейтетінін айтты.

Иран президенті Махмуд Ахмадинежад бұларада Ресейдің Теһран Қом қаласы маңындағы құпия салынған зауытын жапсын деген МАГАТЭ қарарын қолдағанын сынға алды.

Ахмадинежад сондай-ақ, санкциялардың әсері болмайды және Батыс елдерімен ядролық мәселе бойынша басқа келіссөздер жасалмайды деп ескертті.

Осыған дейін Ресей мен Қытай Иранға қарсы санкциялар салуға қарсы болып келген. Қытай әлі де дипломатиялық келіссөздерге шақырып отыр. Бірақ екеуі де МАГАТЭ қарарын қолдады.
XS
SM
MD
LG