Accessibility links

Өзбекстанның билік партиясының мүшесі сайлауға түсе алмайтынына ашулы


Өзбекстанның билікке жақын саяси партиясының мүшесі өзін алдағы парламенттік сайлауға қытыстырмай қойған аймақтық партия жетекшісі мен сайлау процесін қатты сынады.

Азаттықтың өзбек қызметі хабарлағандай, Либералды демократиялық партиясының Асака қаласындағы мүшесі Комила Содиқова желтоқсанның 27-де өтетін парламенттік сайлауға қажетті барлық құжаттарды тапсырып, бәрін уақытында толтырғанына қарамастан, кандидатурасын қабылдамай қойғаны үшін партияның басшылығын айыптады.

Ол өзіне Өзбекстанның орталық сайлау комиссиясы не себепті тіркемегендігі туралы түсінік бермегенін айтып отыр.

Содиқова сонымен қатар өзінің ешқашан президент Каримовпен кездеспегеніне тоқтала келе, ол елдегі саяси жемқорлық туралы білмейді деген пікірін жеткізді.

Өзбекстанның ешбір сайлауы халықаралық сайлау талаптарына сай өтпеген.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

XS
SM
MD
LG