Accessibility links

Тәжіктерге бөгесін үшін ақша беру міндеттелді


Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон елдегі мултимиллард долларлық жоба гидроэлектр стансасын аяқтау үшін әрбір отбасына 690 доллар үлес қосуға нұсқау берді.

Биліктің айтуынша, Рогун жобасы халықтың энергия көзі тапшылығын шешетін болады. 1970 жылдары басталған жоба Совет одағы құлағаннан кейінгі экономикалық дүрбелеңде тоқтап қалған. Енді оған қаржы салса, жобаны аяқтауға болады дейді тәжік ресмилері.

Президент Рахмон бұл жобаға ақша салған отбасылар оны кейін қайтарып алатынына кепілдік беріп отыр. Президент өкілінің айтуынша, қатты кедей адамдар бұл міндетемеден босатылады.

Тәжікстандағы халықтың орташа айлық жалақысы 80 доллардан төмен.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG