Accessibility links

Үкімет 2010 жылдың басында бюджет қызметкерлерінің жалақысын көтермек


Қазақстан Үкіметі мемлекеттік орган қызметкерлерінің жалақысын көтеру мүмкіндігін қарап жатыр.

Бұл туралы сәрсенбі күні премьер-министр Кәрім Мәсімов Қазақстанның Кәсіподақ федерациясының басшысы Сиязбек Мұқашевке айтты деп ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

Мәсімовтың айтуынша, жалақыны көтеру бұрын жоспарланғандай 1-ші шілде айында емес, одан ертерек бірінші немесе екінші тоқсанда болуы мүмкін.

Сонымен қатар үкімет басшысы Кәрім Мәсімов жылдың соңына дейін бұл мәселені бірлесіп талқылауды ұсынған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG