Accessibility links

Пәкістан ауған шекарасынан бүлікшілер келеді деп қауіптенеді


Бүгін Пәкістан АҚШ-тың Ауғанстандағы жаңа стратегиясының көрші Пәкістанға кері салдары болмауы үшін бірге жұмыс істеуге шақырды.

Пәкістанның Сыртқы істер министрлігі бұл мәлімдемесін Барак Обама Ауғанстанға қатысты стратегиясын жариялаған соң болып отыр.

Исламабад Ауғанстанда шетелдік күштердің көбеюі өз аймағына бүлікшілердің енуіне әкеледі деп қауіптенеді.

Ауғанстаннан Хамид Карзай үкіметі АҚШ-тың жаңа стратегиясының мақсаттарын жүзеге асыру үшін ынтымақтаса жұмыс істейтіндіктерін айтты.

Сейсенбі күні кешкісін президент Обама өзінің Ауғанстан бойынша жаңа стратегиясын жариялап, онда бұл елге қосымша 30 мың жасақ жөнелтетінін мәлімдеген.

НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен де Ауғанстандағы талибандармен күреске альянс мүшелері кемінде 5 мың әскерін жібереді деді.

Ауғанстандағы шетелдік күштердің саны 110 мыңды құраса, оның 70 мыңы Құрама Штаттардың жасағы. Оған тағы 30 мың әскерді қосу арқылы барлық халықаралық әскерлер саны 140 мыңға жететін болды.
XS
SM
MD
LG