Accessibility links

Янез Ленарчич: Қазақстан адам құқықтарын қорғау ісіне баса назар аударғаны жөн


Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының жоғары лауазымды өкілі ұйымға Қазақстанның төрағалық етуі осы елдегі адам құқықтарының ахуалын жақсартуға септесуі мүмкін деп санайды.

Афиныда өткен алқалы жиында ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының басшысы Янез Ленарчич Қазақстан адам құқықтарын қорғау мәселелеріне баса назар аударғаны жөн деп мәлімдеді.

Бұған дейін адам құқығын қорғайтын халықаралық ұйымдар Қазақстанды 2010 жылға ЕҚЫҰ-на төраға етіп сайлау туралы шешімге сын айтып келген-тұғын. Олардың пікірінше, бұл елде сөз бостандығы, дін еркіндігі және азаматтардың жиын өткізу еркіндігіне қатысты ахуал соңғы жылдары нашарлап кеткен.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG