Accessibility links

Шыңжаңда тағы 5 адам өлім жазасына кесілді


Шілде айында Шыңжаңда орын алған толқуларға байланысты Қытайда тағы бес адам өлім жазасына кесілді. "Синьхуа" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, оларға адам өлтірді және тағы басқа қылмыстар жасады деген айыптар тағылған. Шыңжаң астанасы Үрімжідегі сот сондай-ақ екі адамды өмір бойы бас бостандығынан айырған.

Өткен айдың ортасында Қытай билігі мұсылман ұйғыр қауымдастығының 9 мүшесі шілде айындағы этникалық толқуларға қатысқаны үшін өлтірілді деп жариялаған болатын. Жаздағы толқулар барысында 200-ге жуық адам қаза тапқан еді.
XS
SM
MD
LG