Accessibility links

Могадишудағы жарылыстан 3 министр опат болды


Сомали полициясының хабарлауынша, Могадишудағы қонақ үйдің жанында жарылыс орын алып, 3 министр қаза тапқан. Полиция баспасөз хатшысының мәлімдеуінше, бейсенбі күнгі жарылыстан денсаулық сақтау министрі Камар Аден Али мен білім министрі Ахмед Абдулахи Уаил және жоғары білім беру министрі Ибрахим Хассан Аддоу қаза болған. Бұл шабуылдан сондай-ақ тағы басқа 6 адам опат болды деп хабарланып отыр.

Бұл оқиға туралы басқа егжей-тегжейлі мәлімет берілмеді.
XS
SM
MD
LG