Accessibility links

Дағыстанда өлтірілген бүлікшіден қырғыз төлқұжаты табылды


Ресей ресмилерінің мәлімдеуінше, Дағыстанда өлтірілген бүлікшіден қырғыз төлқұжаты табылған. Бұл туралы Азаттық радиосының қырғыз қызметі хабарлап отыр.

Қырғызстанның Ресейдегі елшісі Райымқұл Аттокуровтың айтуынша, полиция бекетіне шабуыл жасаған бүлікші сейсенбі күні Махачкалада атып өлтірілген. Дағыстан ішкі істер министрлігінің айтуынша, бүлікшіден табылған төлқұжаттағы азаматтың аты-жөні Қарыбеков Бексұлтан, ол 1982 жылы дүниеге келген.

Аттокуровтың айтуынша, табылған қырғыз төлқұжатының заңдылығы тексеріліп жатыр.

Сейсенбі күнгі атыстан сондай-ақ 3 полиция қызметкері жараланған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG