Accessibility links

USAID-тың Алматыдағы кеңсесіне күдікті ұнтақ салынған конверт келген


АҚШ үкіметінің жанындағы халықаралық даму жөніндегі агенттіктің (USAID) Алматыдағы бөлімшесіне келген конверттің ішінен күдікті ұнтақ шықты деп хабарлайды Қазақстанның төтенше жағдайдар жөніндегі министрлігі.

Шетелдік ұйымның кеңсесі орналасқан ғимараттан бейсенбі күні түскі сағат бір жарым кезінде табылған күдікті конверттің сыртында оның қайдан, кімнен келгені көрсетілмеген.

Оның ішінен шыққан күдікті ұнтақ Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тексеруге жіберілген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG