Accessibility links

Сербия халықаралық соттың баяндамасын мадақтады


Сербия соғыс қылмыстары бойынша халықаралық сотпен арадағы ынтымақтастығы туралы жаңа баяндаманы құптап қарсы алды. Белград қолынан келгенше жасырынып жүрген екі сербиялық күдіктіні табуға уәде етті.

Сербия президенті Борис Тадичтің мәлімдемесінде бейсенбі күні БҰҰ-ның бас прокуроры Серж Браммерцтың Қауіпсіздік кеңесіне тапсырылған баяндамасы мадақталған. Бұл баяндамада Браммерц халықаралық сотпен Сербияның ынтымақтасуы жақсарды деп мәлімдеп, Белградты босниялық сербтердің генералы болған Ратко Младичті тұтқындау үшін көбірек жұмыс атқаруға шақырған. Младич 1995 жылы Сребреницадағы қантөгіске қатысы бар деп айыпталуда.

AzattyqTV

Мамайды қолдаушылар

Белсенділерді полиция ұстады

XS
SM
MD
LG