Accessibility links

АҚШ одақтастары Ауғанстанға 7 мың сарбаз жібермек


НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссеннің мәлімдеуінше, АҚШ-тың Ауғанстандағы 25-ке жуық одақтасы Талибан бүлікшілерімен күресуге көмектесу үшін шамамен 7 мың сарбаз жібермек. Жұма күні Брюсселде НАТО сыртқы істер министрлерінің кездесуінен кейін Расмуссен бұл әскерилер Ауғанстанға 2010 жылы орналастырылмақ деп атап көрсетті.

"Ауғанстандағы миссияға кемінде 25 мемлекет қосымша күштерін жібереді. Олар қосымша 7 мыңға жуық сарбазды жіберуді ұсынды және олардың саны бұдан да көп болуы мүмкін. АҚШ-тың қосымша әскерилерін есептегеде, 2010 жылы Ауғанстандағы халықаралық қауіпсіздік күштеріне кемінде 37 мың сарбаз қосылады", - деді Расмуссен.

Осы аптада АҚШ президенті Барак Обама Ауғанстанға қосымша 30 мың сарбаз жіберетінін жариялаған болатын.
XS
SM
MD
LG