Accessibility links

Обама Копенгагендегі саммиттің аяғына қатыспақ


Ақ үйдің хабарлауынша, президент Барак Обама ғаламдық ауа-райының өзгеруіне қатысты халықаралық саммиттің соңына қатысады. Оның алдында Обама дүйсенбі күні Копенгагендегі саммиттің басына қатысады деп жоспарланған болатын. Ақ үйдің айтуынша, басқосудың алдындағы келіссөздердің серпіні Барак Обаманы ынталандырған.

Дания премьер-министрі Ларс Локке Расмуссен Обаманың шешімін құптап қарсы алып, ол маңызды келісімнің жасалуына алып келуі мүмкін деп атап көрсетті. Дания дүйсенбі күнгі саммит 1997 жылғы Киото хаттамасының жаңаруына негіз салуға көмектеседі деп үміттеніп отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG