Accessibility links

АҚШ одақтас елдердің Ауғанстанға әскер жіберу ұсынысын мадақтады


АҚШ әкімшілігі НАТО-дағы одақтас елдердің Ауғанстандағы соғысқа қосымша сарбаз жіберу туралы ұсынысын мадақтады. Ақ үй баспасөз хатшысы Роберт Гиббстың айтуынша,Ауғанстандағы бүлікшілермен соғысып жатқан халықаралық күштерге НАТО-ға мүше елдердің әскер қосатынын Вашингтон құптап қарсы алып отыр.

Оның алдында НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен АҚШ-тың Ауғанстандағы 25-ке жуық одақтасы Талибан бүлікшілерімен күресуге көмектесу үшін шамамен 7 мың сарбаз жібермек деп хабарлаған болатын.
XS
SM
MD
LG