Accessibility links

Нил өзенінде екі қайық соқтығысты


Мысыр қауіпсіздік ресмилерінің хабарлауынша, Нил өзенінде екі моторлы қайық соқтығысып қалған соң ондаған адам табылмай жатыр. Бұл қайықтардың ішінде нақты қанша адамның болғандығы белгісіз бірақ куәгерлердің айтуынша, 60-қа жуық жолаушы болған. Ресми мәліметтерге қарағанда, жұма күні Рашид қаласының жанындағы апаттан кейін 13 адам құтқарылған.
XS
SM
MD
LG