Accessibility links

Үндістан премьері Ресейге сапарын бастап отыр


Үндістан премьер-министрі Манмохан Сингх Пәкістан мәселесін талқылау үшін Ресейге аттанды. Сингх Мәскеуден Пәкістан жерінен Үндістанға қарсы жасалатын лаңкестікті тоқтатуды сұрамақшы. Жұма күні ресейлік журналистерге берген сұхбатында Үндістан премьері өткен жылғы Мумбайдағы шабуылдарды атап өтіп, Пәкістанға лаңкестікті мемлекеттік саясат құралы ретінде пайдаланудың Үндістанмен арадағы жақсы қарым-қатынастар бағытына қайшы келетіндігін түсіндіру қажет деп атап көрсетті.

Үндістан Мумбайдағы шабуылдарды Пәкістанда орналасқан экстремистер жүзеге асырды, оны Пәкістан мемлекеті қолдаған дейді бірақ Исламабад бұл айыптауларды жоққа шығарып отыр.

Сингх Ресей президенті Дмитрий Медведевпен және премьер-министр Владимир Путинмен келіссөз өткізбек.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG