Accessibility links

Гейтс: АҚШ Осама бин Ладеннің қайда екендігін білмейді


АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтстың мәлімдеуінше, АҚШ Осама бин Ладеннің қайда екендігін білмейді. Бұл туралы ол АҚШ телеарнасына берген сұхбатында хабарлады. Бин Ладен Ауғанстанда жүр деген соңғы хабарларды растай аласыз ба деген сұраққа Гейтс "жоқ" деп жауап берді.

"Әл Қаида" жетекшісі Осама бин Ладен Ауғанстанмен арадағы шекараның Пәкістан жағында жасырынып жүрген болуы мүмкін делінеді. Алайда Пәкістан премьер-министрі таяуда өзінің бұған сенбейтіндігін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG