Accessibility links

Ауғанстанда Талибанға қарсы операция жалғасуда


АҚШ пен Британия және Ауғанстан күштері Талибанға қарсы шабуылдарын жалғастырып жатыр.

Жұма күні мыңға жуық сарбаз елдің оңтүстігіндегі Хелманд өлкесінде Талибанның байланыс жолдарын жоюға тырысты. Ауған әскерилерінің қолбасшысы генерал Шер Мохаммад Зазайдың айтуынша, операция барысында 4 бүлікші өлтірілген.

Әлемдегі ең ірі апиын өндіруші аймақ деп есептелетін Хелманд өлкесі Пәкістанға жақын орналасқан және бұл аймақта заңсыз есірткі саудасы жиі тіркеледі.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG