Accessibility links

Түркия Ауғанстанға қосымша әскер жібермейді


Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған Ауғанстанға қосымшы түрік күштері жіберілмейді деп мәлімдеді. Бұл туралы ол Вашингтонға сапарының алдында хабарлады. Ердоғанның айтуынша, Түркия ауған күштерін жаттықтыру жөніндегі қазіргі ролін сол күйінде қалдырады. Түркияның Ауғанстанда 1750 сарбазы бар деді Ердоған.

Өткен аптада АҚШ президенті Барак Обама Ауғанстанға қосымша 30 мың жауыншгер жіберетіндігін жариялап, НАТО-дағы одақтас елдерін Ауғанстанға көбірек әскерилерін жіберуге шақырды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG